Русский Сайттың толық нұсқасы

Араб елдері Катардың экономикасына соққы беретін жаңа санкциялар әзірлемек

  • AstanaTV
  • 31 шілде 2017
  • 3254

Араб елдері Катарға жаңа санкциялар әзірлемек. Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн пен Египет сыртқы істер министрлері ол қандай санкциялар болатынын жақында талқылайды. Бұл туралы Блумберг, саудиялық Аль-Хаят басылымына сілтеме жасап, жазған. "Араб төрттігі" Манамада өтетін кездесуді жексенбіге жоспарлап отыр. Олар Доха экономикасына соққы беретін санкциялар деседі.

Араб елдері Катармен ара-қатынасын 5 маусымда үзген болатын. Олар Катар билігін террорлық топтарды қолдап, қаржыландырды деп, сондай-ақ басқа елдердің ішкі істеріне араласты деп айыптады.