Русский Сайттың толық нұсқасы

Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің өміріне қастандық жасаған ханзада ұсталды

  • AstanaTV
  • 07 тамыз 2017
  • 2867

Ханзадалар айқасы. Джиддада Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің өміріне қастандық жасалды. Мохаммед бен Салман ханзада дін аман, оған ешқандай зақым келмеген. Бұл туралы жергілікті басылымдар, дипломаттардың біріне сілтеме жасап, жариялады. Қастандық жасаған да саудтық ханзадалардың бірі болып шықты. Ол қамауға алынған. Алайда, оны қалай өлтірмек болғаны туралы мәлімет жоқ.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Сауд Арабиясының патшасы Салман ибн Абдул-Азиз аль-Сауд алдағы 5 ай ішінде тақтан кетпек. Билікті 31 жасар ұлы Мохаммед бен Салман ас-Саудқа беру үшін, оны ресми түрде тақ мұрагері деп жариялады.  Бірақ патша отбасындағы басқа ханзадаларды тақ мұрагерінің таққа ешкімді жолатпау, бәсекелестерін ығыстыру әрекеті ашуландырған еді. Жақында патша Мороккоға демалысқа кету керек. Сол кезде тақмұрагері патша міндетін атқармақ.