Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ тарапынан қауіп сейілмейінше, Солтүстік Корея билігі атом бағдарламасына қатысты келіссөздер жүргізбейтінін мәлімдеді

  • AstanaTV
  • 07 тамыз 2017
  • 2756

АҚШ тарапынан қауіп сейілмейінше, Солтүстік Корея атом бағдарламасына қатысты келіссөздер жүргізбейді. Бүгін ел билігі осындай мәлімдеме жасады. Корея Халық Демократиялық Республикасы БҰҰ-ның қосымша енгізген санкцияларын айыптады. Бүгін Пхеньян билігі жаңа шектеулерді талқылады деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары.

Айта кетейік, сенбі күні БҰҰ-ы Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Корея Халықтық Демократиялық Республикасына қосымша санкция енгізу туралы резолюцияны бірауыздан мақұлдады. Санкция басқа елдердің Солтүстік Корея жұмысшыларын жұмысқа алуына шектеу қояды. Сондай-ақ Солтүстік Кореядан темір, қорғасын кені, көмір, теңіз өнімдерінің экспортына санкция салынбақ. Бұл құжатты дайындаған АҚШ тарапы, мұндай шектеулерден Солтүстік Корея экспортының үштен бір бөлігі қысқарады, деп болжайды. Ол шамамен 1 миллиард доллар шығын.