Русский Сайттың толық нұсқасы

Үкіметте "Жаппай кәсіпкерлік пен нәтижелі жұмыспен қамту" бағдарламасы талқыланды

  • AstanaTV
  • 08 тамыз 2017
  • 2712

Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанға кесірі тимейді. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов осылай деді. Бір апта бұрын Америка басшысы Дональд Трамп Ресейге қарсы бірқатар қаржылық-экономикалық шектеулерге қол қойды. Өткенде доллардың құбылуына да осы әсер етуі мүмкін. "Шок" әсері басылды. "Көк қағаз" қайта тұрақталды, дейді министр. Ал бүгін Үкіметте "Жаппай кәсіпкерлік пен нәтижелі жұмыспен қамту" бағдарламасы талқыланды. Мөлдір Бақыт-қызы тарқатады.

Биыл бастау алған жаңа бағдарлама кәсіпкерлерге, жұмыссыздарға және ауылдағы өз күнін өзі көріп отырған адамдарға 18 млн теңгеге дейін несие алып, кәсіп бастауға мүмкіндік береді. Оны қалада "Даму" қоры, ауылдарда Аграрлық несиелік корпорация үлестіреді. Соңғысы ақшаны игере алмай жатыр. Мысалы, Маңғыстауда несие беретін бөлім жоқ көрінеді. Тұрғындар Атырауға барып рәсімдеуге мәжбүр. Ауыл шаруашылығы вице-министрі алдымен өзі сөз естіді.

"Кайрат Капарович, я вам задаю вопрос, а вы по залу гуляете. Ну, теперь сидя отвечайте". 

Сосын себебін түсіндірді. Білікті маман тапшы дейді. Ескі басшылықты жұмыстан босатып, жаңасын тағайындауға уақыт кетіп қалған.

То есть ваши кадры подобраны не те, которые готовы исполнять обязанности в том объеме, который мы от них требуем? Это плохо, что кого попало берете на работу.

Несиені алты банк таратады. 10 пайызын мемлекет субсидиялайды. Бүгінде тұрғындар құны 2,8 млрд теңге болатын түрлі жобалар тапсырған. Осы айда іріктеліп, шешімі шығады. Үміткерлердің қолына ақша тиеді. Ал, ауылдарда қаржы орталықтары тапшы. Банктердің бәрінде бірдей бөлімше жоқ. Қаржы ұйымдарына шалғайға бару тиімсіз. Сондықтан бұған әкімдіктерді тартуды ұсынды.

Абылай Мырзахметов, "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы:

Использвать те РИТЦЫ, которые в акиматах созданы. Они готовые, сопровождать эти проекты.

Ресейге қарсы санкцияларға келсек, бізге қатысты тұсы АҚШ жаңа заң арқылы Ресейдегі мұнай-газ құбырларына қатысты жобаларға қарсы шектеу қойды. Ал Қазақстан қара алтынды Ресей құбырлары арқылы тасымалдайды. Демек, оған шектеу болса, бюджет, оның ішінде Ұлттық қор, мұнайдан түсетін қаржыдан қағылуы мүмкін. Бірақ министр "қара бұлт төндірудің қажет жоқ",- деді.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Біздің мұнайды су арқылы оның ішінде Новороссийскімен жалғайтын құбырлар санкцияға кірмейді. Каспий құбыры консорциуымының инвесторы америкалық "Шеврон" компаниясы өз конгрестерін осы секілді құбыр жолдары санкцияға ілікпеуі керек дегенге көндірді. Мұнайды ішкі нарыққа жеткізуге шектеу болмайды.

АҚШ Конгересі қабылдаған жаңа заңда Президент санкцияны  АҚШ-тың серіктестерімен ақылдаса қабылдайды делінген. Бұл тармағы Еуроодақты тыныштандыру үшін қажет. Әйтпесе, Германияға Балтық теңізі арқылы тартылатын "Солтүстік ағыс -2" секілді  газ құбыры жобаларына әсер етіп кетуі мүмкін. 

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ