Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ-қытай бизнес-форумында 200 млн доллар болатын меморандумдарға қол қойылды

  • AstanaTV
  • 08 тамыз 2017
  • 2792

Отандық азық-түлік өнімдер Қытайға экспортталатын болады. Оның ішінде ет және көкөніс өнімдері. Ал Қытай Қазақстанның әр өңірінен жеңіл өнеркәсіп, агрохимия, ауылшаруалық саласында кәсіпорындар ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығы форумында айтылды. Онда екі ел арасында  200 млн долларды құрайтын меморандумдарға қол қойылды. Жиынға екі елден 300 делегат қатысты. Оның ішінде Қытайдың Хэнань провинциясының ауылшаруашылық саласындағы кәсіпкерлер қазақстандық өнімдерге жоғары баға беріп отыр.

Айта кетсек, Хэнань - Қытайдағы экономикасы дамыған 5 провинцияның бірі. Халық саны да жоғары. Оның жалпы ішкі өнімі 700 млрдтан аса долларды құрап отыр.

Айдын Байділов, Қазақстанның инвестициялық ынтымақтастық агенттігінің бас директоры:

Біз Қытаймен жаңа деңгейдегі ынтымақтастыққа көштік. Нақты айтсақ, аймақтық деңгей. Өздеріңіз көріп отырғандай, бүгін форумға Павлодар, Қостанай, Ақмола облыстарынан әкімдердің орынбасарлары ат салысып отыр. Бұның барлығы қытайлықтар тарапынан бізідің аймақтарға қызығушылық танытып отырғанын айғағы.

Сонымен қатар, Қытай мемлекеті Қарағанды облысында жарылғыш заттар жасап шығаратын зауытты іске қоспақ. Қазір зауыт ашу үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жобаның сомасы 25 млн долларды құрап отыр.