Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада жаңа оқу жылының қашан басталары нақты белгісіз - БҒМ

  • AstanaTV
  • 31 шілде 2017
  • 2441

Астанада жаңа оқу жылының қашан басталатыны әзірге белгісіз. Мәселе әлі талқыланып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым министрлігінің өкілдері айтты.

Айта кетейік, биыл Елордада жаңа оқу жылы қыркүйектің 1-інде емес, 10 -ы күні басталуы мүмкін деген ақпар тараған. Ал ертеңнен бастап  "Мектепке жол" акциясы басталады.  Осы жылы көмекке мұқтаж 300 мыңдай бала оқуға қажетті жабдықтармен қамтылады деп жоспарланған. 40 мекеме- ұйым оларға көмек қолын созуға дайын. Министрлік өкілі «көмектің жария түрде көрсетілгені дұрыс па?» деген сұраққа жауап берді.

Мәншүк Әбдікерім, ҚР БҒМ балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары:

Жақсылық жасағанын көрсетіп, жарнамалағысы келгендердің алдын алуға тырысамыз. Бұл дұрыс емес, өткен жылы да аймақтарға арнайы хат жолдап, балаларға қажетті жабдықтардың салтанатты жиында тапсырылмауы керектігін ескерткенбіз.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық деректерін жасырғаны үшін 50-ден аса мұғалім жазаланған. Бұл турылы ІІМ өкілі айтты. Оның сөзінше, жыл сайын ішкі істер органдарына 100 мыңдай бала жеткізілсе, оның тең жартысы түнгі уақытта көшеде қаңғып жүрген жерінен ұсталатын көрінеді.

Әсет Оспанов, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы:

Кәмелекте толмағандарға қатысты қылмыстар 36 пайзға азайды, биыл, оның ішінде кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілікке қатысты қылмыстар 31 пайызға азайды. Қылмыстардың 70 пайызы мүлікке қатысты, яғни тонау, ұрлық.