Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараздық полицейлердің пышақтасуына әріптестік әзіл себеп болған

  • AstanaTV
  • 09 қараша 2017
  • 3324

Полицейлердің пышақтасуына әріптестік әзіл себеп болған. Бұл тамызда төбелескен тараздық тәртіп сақшыларының алғашқы сот отырысында белгілі болды. Сот залына «Бамбук» лақап атымен белгілі, облыстық экстремизмге қарсы күрес басқармасының бұрынғы басшысы Мұрат Үмбеталиев екі әріптесін пышақтады деп айыпталған. Тараптар тағылған айыптаулармен неге келіспей отыр? Сот отырысына қатысып қайтқан Данияр Әлімқұл тарқатады.

Атышулы Мұрат Үмбеталиевтің ісіне қатысты алғашқы сот тыңдалымы ашық түрде өтті. «Бамбук» лақап атымен белгілі басты фигурант сот залына кісенмен жеткізілді. Оның үстінен  «екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді.  Алайда айыпталушы мен адвокаты тағылған айыппен келіспейді.

-Өзіңізді кінәлі санамайсыз ба? - Я с себя ответственности не снимаю. Я готов и нести уголовную ответственность, готов отвечать за свои поступки. Я прошу просто суд единственно разобраться по справедливости и по совести. Сіз іштіңіз ба сол күні? - Жоқ, абсолютно.  У меня не нож, у меня был монтажный нож. Я тогда работал ночью. 

Айыпталушының қорғаушысы дауды екі әріптесі бастаған деп отыр. Сондықтан оның қасақана пышақ ала жүгірмегенін айтады. Тергеу ісінде шикілік бар деген ол қылмыстық істің қайта тергелуін талап етті.

Талғат Бейісбеков, Мұрат Үмбеталиевтің адвокаты:

Тергеу жан-жақты объективті жүргізілген жоқ. Айыптау жағымен ғана жүргізілді. Біздің барлық өтініштерімізді қанағаттандырусыз қалдырды. Ал Үмбеталиевті  үйде жатқан жерінен түн ішінде өздері шақырып алады. Ал шу Мұрат Үмбеталиевтің айтқан әзілінен шыққан. Оның қалжыңын көтере алмаған Ерлан Бектұрғанов шамданып қалады. Сол кезде оны Марсель Жетпісбаев  тоқтатуға тырысады. Бірақ Бектұрғанов  жұдырық ала жүгіріп,  төбелесті бірінші бастаған.

Үмбетәлиевпен төбелескен экс-полицейлер жәбірленуші деп танылған. Бірақ бүгінгі отырысқа келмеді. Адвокаттарының айтуынша, олар науқастанып қалған.

Ерлан Шамұрзаев, жәбірленушінің адвокаты:

ІІБ бастығының орынбасары Қалметовтың баласының дипломының мерейтойына шақырған. Сол жерде басталған. Ол күні олар ішімдік ішпеген. Пышақ екені енді сот сараптамалары бойынша ол негізінде шанышқы деп есептелінген. Бірақ та нақты пышақ екен деген қорытынды жоқ. Біздің пікіріміз бойынша, бұл негізі пышақ. Жетпісбаевтың жүрегіне зақым тиген.  Қазір амбулаторлық ем алып жатыр.

Кезекті сот отырысы қарашаның 23-іне белгіленді. Тәртібінен жаңылған тәртіп сақшыларының төбелесі тамыз айында болған еді. Түнгі төбелесте облыстық экстремизмге қарсы күрес басқармасы мен криминалдық полиция басқармасының басшысы және Байзақ аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі жаға жыртысты. Оқиғаға ІІМ араласып, төбелескендер мен ІІД басшысының орынбасарлары қызметтерінен қуылған болатын. 

Данияр ӘЛІМҚҰЛ