Қазақстан Қырғызстаннан сүт, ет және кондитер өнімдерін әкелуді тоқтатты. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің аланында елдің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті. Оның айтуынша, қырғыз өндірушілердің сүт өнімдері мен кондитерлік бұйымдарының техникалық регламенттік талаптарын жүйелі түрде бұзу фактілері байқалған. Қырғызстаннан әкелінген өнімдердің 10% жуығы санитарлық нормаларға сай емес.
Жандарбек Бекшин, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:
Биыл
Қырғыз Республикасы өнімдерінің сапасының нашарлығы 10 пайызға жуықтады. Бұл
алдыңғы жылмен салыстырғанда, қырғыз елі өнімінің сапасы 2,5 есеге нашарлаған. Ресейдің өнімдерінің санитарлы
жағынан сапасының төмендігі бізге әкелетін өнім көлемінің ауқымдылығынан болып
тұр.