Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада ресейлік фототілшінің алғашқы фотокөрмесі ашылды

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2017
  • 2851

«Миллион әсер мен 60 фотосурет». Астанада осындай тақырыпта ресейлік фототілші Василий Красьтің алғашқы фотокөрмесі ашылды. Бұл көрмеде автор көрерменге Еуропа елдерін сапарлап, объективке түсірген ерекше туындыларын ұсынып отыр. Василий Крась сегіз қырлы, бір сырлы өнер адамы. Мамандығы инженер болғанымен, өнерге деген махаббаты шексіз.  Фотокорреспонденция жанрымен шұғылданып жүргеніне 14 жылдың жүзі болды. Көпжылдың еңбегі шығармашылық сайыстарда жоғары бағаланып жүр. Өзіндік қолтаңбасы бар фототілшіні  билік өкілдері де байқаған.

Василий Крась, фототілші:

Бұл менің отбасымның идеясы. Дәлірек айтсақ, туысқандарымның. Олар маған бұл идеяны айтып, шабытымды ашты. 60 жасқы келу мерейтойыма орай, мен келістім. Мақсатым - достарымды және әріптестерімнің басын қосып, осы өнер жайлы сұхбаттасып, әңгімелескім келді. Бұл суреттерді бір бағыттағы тақырып жоқ, мен түрлі мемлекетте саяхаттап жүргенде аяқ астынан объективке түсіріп отырдым. Содан жиналған суреттер бұлар. Бұл жерде бәрі бар. Архитектура, табиғат, адамдар. Өмірімдегі ең алғашқы фотокөрмемнің ашылғанына қуаныштымын.

Автордың суреттерін тамашалауға келген қарапайым тұрғындар мен тәжірибелі фотографтар да ерекше әсер алғандарын айтып, оң баға берді.

Шүкір Шахай, фотограф:

Васяның беріп отырғаны, басқа қырынан беріп отыр деп ойлаймын. Сол себепті Васяға мықты табыс тілеймін. Шығармашылық табыс тілеймін. Мықты денсаулық тілеймін. Алдағы уақытта жақсы суреттермен қуантады деген ойдамын. Өзіме қатты ұнағаны - мына тұрған қаланың көрінісі. Шынының артында түскен. Сол сурет маған қатты ұнап тұр.

Диана САПАРҚЫЗЫ