Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын талқылады

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2017
  • 1969

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында екінші деңгейлі банктер тарапынан берілетін несие көлемі кеміген. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы жанындағы жұмыспен қамту  бойынша қоғамдық кеңес мүшелері мәлімдеді. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясындағы жоспар бір жүйеге түсті,- дейді мамандар.

Партияның Алматы филиалында өткен жиында бағдарламаның жүзеге асу барысы талқыланды. Бұл жоба халықты толық қамти алды ма деген мәселе қозғалды. Бағдарлама жастарды жұмыспен қамтуды ғана көздемейді. Шағын кәсіпті дөңгелетуге де несие бөледі. 7 пайыздық жеңілдікпен берілетін бюджет қаржысы екінші деңгейлі 7 банктің үлесіне тиген.

Атамұрат Шәменов, «Нұр Отан» партиясы жұмыспен қамту жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшесі:

Жұмыссыз адамдарды қамту, біріншіден. Екіншіден, мектеп бітірген балалар жұмыссыз жүрген білімі жоқ балаларды оқыту. Оларға кәсіби білім беру. Сосын барып жұмысқа орналастыру деген сияқты шаралар. Ал енді ең басты мәселе - бұл несие алу ғой.