Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ақтөбе» клубы футболшыларға қарыз болып қалды

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2017
  • 2561

«Ақтөбе» футбол клубының ойыншылары соңғы екі айда жалақы алмаған. Клубтың медиа-офицері Жәнібек Кенжалин спорт басқармасы қаражатты аударған сәтте бүкіл қарыз өтеледі деп отыр. Ол мұны жыл соңында болатын қалыпты жағдай деп атады. Командадағы белді ойыншылардың көбінің келісімшарты аяқталған. Олармен қайта келісім жасасу әзірге жоспарда жоқ көрінеді.

Еске салсақ, бір жыл бұрын бюджеттің 240 миллион теңгесін талан-таражға салды деген айыппен клубтың экс-басшысы Дмитрий Васильев және спорт саласын басқарған Ескендірбек Маханов қамалған болатын.