Русский Сайттың толық нұсқасы

Жер асты дүмпулері бірнеше елде сезілді

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2017
  • 3044

Иран-Ирак шекарасындағы зілзаладан соң, жер асты дүмпулері Әзірбайжанда сезілді. Елде күші 5 баллдан асатын жер сілкінісі тіркелген. 3-4 баллды құрайтын жер қозғалысы Арменияда да байқалды. Табиғи апат Оңтүстік Кореяны айналып өтпеген. Күші 4,6 баллдық жер асты дүмпулерінен соң, мектептерде сабақ тоқтады. Абырой болғанда, құрбан болғандар жоқ, 7 адам жарақат алған.

Ал табиғи апаттан бірнеше жүздеген адамы қырылып, орасан шығынға батқан Иран мен Ираққа гуманитарлық көмек жан-жақтан ағылып жатыр. Түркия мен Ресейден кейін Италия да көмек қолын созған.

Серена Мурони, Ирактағы Италияның елшісі: 

Италия үкіметі жағдайға бей-жай қарамады. Гуманитарлық көмек жеткізу мақсатында 3 рейс ұйымдастырды. Бұл шамамен 25 тонна жүк. Алғашқы ұшақтың бортында дәрі-дәрмектер мен таңу құралдары бар. Ертең таңертең тағы екеуі ұшып келеді. Олар мобильді ванна бөлмелері мен медициналық техниканы әкеледі.