Қарызын
төлемеген оралдық кәсіпкерлер шетелге шыға алмай жүр. Бұл туралы жеке сот
орындаушылары өңірлік палатасының төрағасы мәлімдеді. Борышкерлер арасында
заңды және жеке тұлғалар тізімнің басында тұр. Қарыз 3 миллиардқа жуықтайды.
Екінші орында алимент пен коммуналдық төлемге қарызы көбейгендер жайғасқан.
Олардың берешегі 57 және 55 млнды құрайды. 150 борышкер алимент төлемегені үшін
бес тәулікке қамалған.
Әкімшілік айыппұлдар - 59 млн теңге. Борышкерлер төрт
мыңнан асады, қарызы 8 миллиард теңгеге жуық. Бұл азаматтар сырқаттанып,
шетелге емделуге аттанса ғана, жеңілдік жасалады. Сондықтан уақыт оздырмай,
қарыздан құтылуға асыққаны дұрыс, - дейді сот орындаушылары.
Жандос Саматов, БҚО жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының төрағасы:
Уақытылы төлемегендіктен, қарыздары толып, соттың шешімдері шығуда. Әр азамат өзінің қарызын уақытылы қарап, тексеріп жүрсе, жеке сот орындаушылары тарапынан оларға сұрақтар болмайды деп есептейміз.