Русский Сайттың толық нұсқасы

«Аракс» танкерін мұнай қалдықтарынан тазарту уақытша тоқтатылды

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2017
  • 3276

«Аракс» танкерін мұнай қалдықтарынан тазарту уақытша тоқтатылды. Бұл жұмысты атқаратын судно істен шыққан. Аймақтың экологтары тиісті келісімшартқа сәйкес, мердігерлердің бір айдай уақыты бар екенін мәлімдеді. Яғни Ақтау жағалауында қайраңдаған танкер осы уақыт аралығында толық тазартудан өтуі тиіс.

Мұнай қалдықтарын утильдеу 13 қазанда басталған еді. 3 аптада бас-аяғы мың тонна қалдықтың 400 тоннасы сорып алынды. Тек шаруаны атқаруға кіріскен «Батыс Мұнай Транс» компаниясының судносында ақау пайда болып жұмыс жарты жолда тақтаған. Жұмысшылар ары қарайғы шаруаны өздері тындыруға ниетті. Келесі аптада баржа жөндеуден өткен соң, барлық лас қалдық тазартылады деген жоспар бар.

Есенқос Әділбаев, МО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:

Ауа райының қолайсыздығына байланысты және өздерінің техникалық бұзылуына байланысты қазір оны қайтадан ремонттап шығарды. Келесі апта жиналған мұнай қалдықтарын соруға кірісетін болады. Қазір барлығы «Аракс» кемесінде 10 түрі бар. Соның ішінде барлығы бір түрін жинап, баржа арқылы сорып алады.