Русский Сайттың толық нұсқасы

Студенттер арасында жемқорлыққа қарсы дебаттық турнир өтті

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2017
  • 5754

Елордалық студенттер арасында жемқорлыққа қарсы дебаттық турнирдің финалдық кезеңі өтті. Ұйымдастырушылар Астана қалалық жастар саясаты басқармасы мен мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті.

Басты тақырып - мемлекеттік аппараттарда, білім саласы мен денсаулық сақтау саласын жәйлаған жемқорлықты тамырымен жоюға ұмтылу. Бұл індет сондай-ақ құқық қорғау саласын да айналып өтпейді. Осындай пікірталастар жастар үшін пайдалы. Олардың жемқорлықтан жерініп өсуіне мүмкіндік береді, - дейді ұйымдастырушылар. Жылдар бойы  жемқорлыққа қарсы күрес механизмін жақсарту тақырыбы бойынша студенттер арасында дайындық жүргізілген. Ал әділқазылар қатарында мәжіліс, мәслихат депутаттары мен, мемлекеттік ұйымдар мен қоғам өкілдері болды.

Жазира Жылқышиева, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және СЖҚІҚ агенттігі Астана қаласы департаменті басшысының орынбасары:

Студент жастар былтырдың өзінде белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып, біз атқаратын жұмыстың өзіне біршама ұсыныстарын берді. Бұл жұмыс барлық республика бойынша оқу орындарына зор себебін тигізеді деп ойлаймыз.

Әсел Тоқбасова, студент:

ҚР ең кең тараған бағыттардың бірі - ол білім, күнделікті өмірдегі тұрмыстық сала, және ІІМ саласы. ІІМ-де ол ЖПП жемқорлыққа қарсы байланыстары, білім саласында дипломды сатып алу, мұғалімге ақша беріп, бағаны өзгерту сынды әдістерді жоятын боламыз.