Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар жаңа жыл мерекесінде 4 күн қатарынан демалады

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2017
  • 3436

Қазақстандықтар желтоқсан айында 13 күн демалады. Желтоқсанның 1-і - Тұңғыш Президент күні. Ол жұмаға сәйкес келеді. Сенбі-жексенбіні қосқанда 3 күн қатарынан демалыс. Одан кейін Қазақстан Тәуелсіздігінің күні. Ұлттық мереке сенбі, жексенбіге сай келгендіктен, қазақстандықтар сейсенбіге дейін, яғни 18-іне дейін 4 күн қатарынан демалады. 31-ші желтоқсан - жексенбі. Жаңажылдық мейрам қаңтардың 2-сіне дейін жалғасады. 3 қаңтар жаңа жылдың алғашқы жұмыс күні болып белгіленген.