Русский Сайттың толық нұсқасы

Путин мен Трамп телефон арқылы Сирия, КХДР және Украина жайлы сөйлесті

  • AstanaTV
  • 22 қараша 2017
  • 2121

Керемет! Ресей президентімен телефон арқылы сөйлескен соң, АҚШ президенті Дональд Трамп осындай баға берді. Бұл туралы Рейтерс хабарлады.

Негізгі тақырып Сирия қақтығысы жайлы болды. Қос ел басшысы да Сирияның аймақтық бүтіндігіне нұқсан келмеуі керек дегенді баса айтқан. Ал қақтығыстардың шешілуі жан-жақты келіссөздер нәтижесі болуы тиіс. Владимир Путин "Астана келісімі" негізінде ұзақмерзімді саяси келісімге келуге дайын екенін айтқан.

Мұнан өзге қос ел басшысы ДАИШ, Аль-Кайда сынды террорлық ұйымдармен күресуге күш біріктіруді де сөз еткен. Сириядан өзге 1,5 сағатқа созылған әңгімеде Корей Халық Демократиялық Республикасындағы жағдай, Ауғанстан жайы да талқыланған. Украинадағы дағдарыс сөз болған шақта тараптар Минск келісімін орындауға уағдаласты.

Естеріңізге сала кетсек, Путин мен Трамп соңғы рет 10-шы қараша күні Азия-Тынық мұхиты ынтымақтастық саммитінде кездескен болатын.