Русский Сайттың толық нұсқасы

Сенаторлар "Нұрлы жер" бағдарламасына зейнетақы қорынан ақша тартуды ұсынады

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2017
  • 2001

Сенаторлар "Нұрлы жер" бағдарламасын ынталандыру үшін зейнетақы қорынан қаржы тарту жөнінде Үкіметке ұсыныс жолдамақ. Бұл туралы "Астана" арнасына Парламент қабырғасында сенатор Михаил Бортник мәлімдеді. 

Михаил Бортник, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Бүгінгі дөңгелек үстел барысында үкіметке баспана құрылысына зейнетақы қорынан қаржы тартуды ұсыныс ретінде жолдауды шештік.

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында ипотека рәсімдеуде алғашқы жарнаны 30 пайыздан 20 пайызға азайту көтерілді. Алайда Ұлттық банк мұны қолдамады. Оғана қоса Алматы, Астана Ақтау, Шымкентте ипотеканың шеткі мөлшерін 30 млн-ғн жеткізу де қолдау таппады. "Нұрлы жолға" жеке банктер қызығушылығы артқан. Оларға екі бағыты қызықты. Құрылысшыларды ынталандыру және ипотеканың қолжетімділігін арттыру.

Алпысбай Ахметов, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары:

Алматы мен Астанада ипотеканың алғашқы жарнасын 30 пайызға түсіру ұсынылды. Министрлік сұранысты арттыру үшін қажет дейді. Мұны Ұлттық банк қолдаған жоқ. Өйткені ол жеке тұлғалардың қарыз салмағын арттырып жібереді. 

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ