Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент елде дәрі-дәрмекті сатып алуды бақылауды тапсырды

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2017
  • 3009

Елде дәрі-дәрмекті сатып алуды бақылау керек. Бүгін Ақордада есеп берген Денсаулық сақтау министріне президент осындай тапсырма берді. Елжан Біртановтың есебінше елдегі денсаулық саласында оң өзгерістер бар. Ана мен бала өлімі азайып, адам өмірі ұзарған. Бұған дейін қарқын алған аурулар бәсеңдеген. Жағымды көрсеткіштерге қарамастан, бұл салада біраз проблемалар бар деді президент. Фармацевтика саласындағы жемқорлық былықтарды еске алған мемлекет басшысы мұндай жағдайлар қайталанса, министрдің өзі қатаң жауапқа тартылатынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Менің тапсырмамнан кейін СҚ-Фармация комитетінің төрағасы жауапқа тартылды. Жеткізуші компанияның директоры ұсталды. Неге осындай баға, не болып жатыр медицинада, тексеріңдер деген кезде, тексерді. Жеткізушілермен қылмыстық келісім жасайды, бағаны қолдан өсіреді сосын науқастар қымбат дәрі алады. 5 облыстағы денсаулық сақтау басқармасының бастығы ұсталды. Жауапқа тартылып жатыр. Сапасыз жеткізушілермен жұмыс істегені үшін, жұмысқа орналастыру үшін, квота, емдеу үшін, бәріне пара алады. Енді бұл қайталанбасын, әйтпесе сен өзің қатаң жауап беретін боласың.

Айгүл ӘДЕПБАЙ