Русский Сайттың толық нұсқасы

Келер жылдан бастап ерлер денсаулығына бюджеттен қаражат бөлінеді

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2017
  • 4184

Келер жылдан бастап ерлер денсаулығына бюджеттен қаражат бөлінеді. Бұл туралы Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығының басшысы Мырзакәрім Алшынбаев айтты. Мамандардың есебінше, ерлердің 65 пайызы дәрігерге қаралмайды. Сондықтан қазір ерлер арасында ауру өршіп тұр. Бұрын әйелдер арасында белсіздік белең алса, қазір ерлер арасындағы бедеулік көрсеткіші теңескен. Одан өзге қуық асты безінің қатерлі ісігі де әрбір алтыншы қазақстандықта кездеседі. Сондықтан биылдан бастап алғаш рет ерлер денсаулығына бөлінген қаражатқа емханаларда тегін дәрігерлік қызмет көрсетіле бастайды.

Мырзакәрім Алшынбаев, "Академик Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы" АҚ басқарма төрағасы:

Біз бірінші ел, дүниежүзіндегі ерлердің денсаулығын Үкімет арқылы, халықтың ақшасы арқылы қарап отырмыз. Сол үшін облыс орталықтарында орталықтар ашып, соған қарамай, 65 пайыз еркектер өзінің денсаулығына қарамайды. 65 пайыз! Тек қана Қазақстанда емес, біздің көршілерде мысалы, Ресейде 70 пайыз. Түркияда 45-50 пайыз. 

Мамандардың айтуынша, жағдайды қолға алмаса, бедеулік проблемасы ажырасуды көбейтіп, демографияны кемітіп қана қоймай, елдің экономикалық дамуына да кері әсер етеді. Ерлердің белсіз болуына не себеп? Мәселе ерлер психологиясында ма, әлде дәрігерге қаралу мәдениетінің жоқтығынан ба? Ертең, сенбі 20:00, "Біздің уақыт" апталық-сараптамалық бағдарламасынан көріңіздер!