Русский Сайттың толық нұсқасы

Режеп Тайып Ердоған отставкаға кетуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 27 қараша 2017
  • 3151

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған отставкаға кетуі мүмкін. Ол оппозиция өзінің сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар екенін дәлелдесе, қызметінен кететінін мәлімдеді. Халықтық-республикалық партия көсемі Кемал Кылычдароглуға Ердоған осылай жауап берді, деп хабарлайды түріктің NTV телеарнасы.

Оппозиция президентті миллиондаған долларды офшорлық компанияларда жасырды деп айыптаған. Олар Ердоғанды қаржыға қатысты мәліметтерді жариялауға шақырды. Ал түрік президентінің қорғаушылары Кылычдароглуны сотқа беріп, 380 мың доллар өтемақы өндіріп алмақ болды. Мемлекет басшысы, "егер оппозиционер шетелдік банктерде жатқан ақшам барын дәлелдесе, биліктен кетемін" деп, уәде берді.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

Егер нақты дәлеліңіз болса - айтыңыз! Сөзіңізді жауапсыз қалдырмаймын. Әйтпесе маған жала жапқаныңыз үшін кешірім сұрайсыз. Ердоғанның ақшасы шетелдік банкте жатқанын дәлелдей алмасаңыз - саясаттан кетіңіз, егер дәлелдесеңіз - мен кетемін.