Русский Сайттың толық нұсқасы

Дизель отыны жетіспеушілігі болмайды - Бозымбаев

  • AstanaTV
  • 27 қараша 2017
  • 2540

Қазақстан қысқы дизель отынын өндірмейді, тек Ресейден импорттайды. Бұл сұйық отынның құны сол себепті қымбат. Орталық коммуникациялар қызметінде есеп берген Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай деді. Қысқы жағармайдың бағасы кейбір өңірлерде литріне 250 теңгеге дейін жеткені жасырын емес. Бозымбаевтың айтуынша, алыпсатарлар Ресейден жеткізілген өнімнің құнына 15-20 теңге ғана қосады. Қазақстан қысқы дизель отынын осы уақытқа дейін теріскей көршімізден экспорттап келген. Мұнай өңдеу зауыттары жөндеуден өткен соң  ғана, елде дизель өндірісі жолға қойылуы мүмкін. Айта кетейік, бұдан бұрын Астананың коммуналдық қызметкерлері жағармай тапшылығына қатысты шағымданған болатын.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі :

Дизель отыны 18 күнге жеткілікті. 10 мың тонна бар. Ешқандай қауіп жоқ қамтамасыз ете алмаудың.

Министр жанар-жағармай құны қымбаттаған сайын, әлеуметтік желінің ауанын да көбірек бағып отыратынын жасырмады. Баспасөз қызметінің өкілдері, кейде тіпті өзі де "Фейсбук" қолданушыларының пікірін оқып тұрады екен. Саяси "салмағы" ауыр шенеунік желіде "мені қабаған итке теңеп жататындар да кездеседі",  дейді.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Вот вы меня сейчас "тяжеловесом" назвали. А в одном из постов меня назвали "бульдогом", "мастифом".