Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік Корея зымырандар ұшыруын ел мүддесін қорғаумен түсіндірді

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2017
  • 3407

Солтүстік Корея Жапонияға қарай тағы да баллистикалық зымыран жіберді. Бұл жолғы қарудың күші бұрынғылардан әлдеқайда қауіпті, деп хабарлайды Рейтерс. Кәрістердің Мәскеудегі елшілігіне сілтеме жасаған «Интерфакстың» мәлімдеуінше, ядроның ауқымды үлесін арқалай алатын «Хвасон-15» ракетасы АҚШ-тың кез-келген жеріне жетуге қауқарлы.

Ал осы күнге дейін тіс жармаған Пхеньян ақыры ядролық сынақтардың себебін түсіндірді. Ресми хабарламада: «Солтүстік Кореяның стратегиялық қаруы ел егемендігін қорғау үшін және «Штаттардан» келген ядролық қауіп саясатына байланысты аумақтық тұтастықты сақтау үшін жасалып отыр» делінген.

Бүгін түнде баллистикалық ракета Жапонияның арнайы экономикалық аумағынан 250 шақырым жерде құлаған. Пхеньянның пайымдауынша, бұл жолғы ядролық тексеріс жұмыстары көрші елдерге қауіп төндірген жоқ. Бұған қарамастан, қарсы саясатты қолға алған Оңтүстік Корея өз зымырандарын аспанға жібере бастады. Елдің әскерилері АҚШ пен Жапониядағы әріптестерімен бірлесіп, Біріккен Ұлттар Ұйымы қауіпсіздік кеңесінің төтенше отырысын құруға бел буды.

Абзал ҚҰРМАНКИН