Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясына қатысуда

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2017
  • 3165

Осы уақытта Беларусь астанасында Ұжымдық келісім шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясы өтіп жатыр. Оның жұмысына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда,- деп хабарлайды Ақорда. Президент сондай-ақ Минскге жасаған ресми сапары аясында қырғыз президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесу өткізді. Екіжақты  басқосу - қырғыз тарапының өтініші негізінде өтті. Әңгіме барысында Елбасы қырғызстандық әріптесін сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Қазақстан Президенті жуық арада екі ел үкіметтері жанындағы жұмыс топтары Жол картасы бойынша жұмыс жүргізетінін айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Екі жақтан контроль қоямыз Қазақстаннан да, Қырғызстаннан да. ЕАЭО-дан үш адам әрбір жүкті қарайды, бірақ өткізе беретін болады. Сондай бақылауды біз Қытайдың шекарасында да жасаймыз.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы екі елдің қарым-қатынасы тату көршілік сипатта екенін атап өтті. Туындаған барлық мәселені сындарлы жолмен шешуге ниетті екенін білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев қырғыз президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Сооранбай Жээнбеков бұл үшін алғыс білдірді. 

Сооранбай Жээнбеков, Қырғыз Республикасының президенті:

Біз елдеріміздің өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, бірқатар ұстаным бойынша ортақ пікірге келдік. Қазіргі проблемаларға қарамастан, жеке жауапкершілігіме ала отырып, шекарамыздағы ахуалды реттеуді сұрадым.