Русский Сайттың толық нұсқасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбындағы республикалық байқаудың қорытындысы шығарылады

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2017
  • 12642

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбындағы республикалық байқаудың қорытындысы Астанада шығарылады. Оған аймақтардан барлығы 800-ден астам жұмыс тапсырылған. Ең үздік суреттер «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратына қойылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады. Үміткерлер арасында оқушылар мен кәсіби суретшілер, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен зейнеткерлер бар. Шараның басты мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, мән-маңызын жеткізу. Байқау Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында қорытындыланады.

Оралбай Әбдікәрімов, «Нұр Отан» партиясы СЖҚК жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес төрағасының бірінші орынбасары:

Жұмысты одан әрі жалғастырып, ауқымды деңгейде ұйымдастыру үшін кәсіпорындар мен оқу орындары да ат салысуы тиіс. Ең үздік карикатураларды ел білу үшін әлеуметтік желілердің көмегін пайдаланған дұрыс.