Русский Сайттың толық нұсқасы

Шекарадағы шиеленіс шешімін тапты ма?

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2017
  • 2960

Қол қойылған жол картасының арқасында қазақ-қырғыз шекарасындағы күшейтілген режим жойылды. Бұған алдымен қос елге қатынап жүрген жүк тасымалдаушы көлік жүргізушілері қуанып жатыр. Кеденшілер сағатына 20 жүк көлігін тексеріп, жөнелтуде. 2 айға жалғасқан кептеліс түбегейлі жойылды ма? Қырғыз еліне барып қайтқан Данияр Әлімқұл шекарадағы жағдайды көріп қайтты.

Бұған дейінгі екі ай ішінде еркін саудаға жол жабылған болатын. Сауда-саттық сап тиылмаса да, саябырсып қалған. Қазақтардың «Айша бибі», қырғыздардың «Шоң қақпа» кеден бекеті - осы. Тараздан 50 шақырым жердегі өткізу пунктінде қазір ұзын-сонар кептелістің жұрнағы да қалмаған. 

Данияр Әлімқұл, тілші:

Екі ел арасындағы шиеленістің шемімі табылғалы, шекарадан шектеу алынды. Көптен бері кептеліп тұрған көліктер кедергісіз арлы-берлі ағылуда. Әсіресе қырғыз тарапы қатал тәртіп, қатаң тексеріс қоймаған. Қос ел арасындағы қатынаушылар солай дейді. Ал қазіргі шекарадағы жағдай қалай екенін көлік жүргізушілерінің өзінен сұрап көрсек.

- Байке, шекарадағы жағдай қалай, жол ашық па? 

Файзулла Айтбаев, Қырғыз Республикасының азаматы:

Ашық, ашық, все нормально. Вот, только что пришли, без очереди зайдем. Говорят вчера открыли. -Қазақстанға не зат алып бара жатырсыз? - У меня яблоко.

Рахым Өмірзақов, Қырғыз Республикасының азаматы:

Енді жақсы болды. Мен өтіп келдім. Алла разы болсын Қазақстанға. Рахмет.  Қазақ-қырғыз бір туған дейді. Анау кеденде кезек жоқ мүлдем. Барсақ, бір-екі адам. Ары өтесің, бері өтесің, жақсы болды.

Осылайша, Жамбыл облысымен шекарасы шектесіп жатқан қырғызбен қарым-қатынастың тамырына қайта қан жүгіре бастады. Қордай мен Меркідегі жағдай да осындай. Бірақ әзірге ресми орындар жылымық жағдайға байланысты ақпарат беруге асықпайды.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ