Русский Сайттың толық нұсқасы

Сейітқазы Матаев түрмеден босап шықты

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2017
  • 2492

Алматы облысындағы түрмелердің бірінде жазасын өтеп жатқан журналист Сейітқазы Матаев бүгін бостандыққа шықты. Былтыр қазан айында сот үкімімен қамауға алынған белгілі журналистті туыстары мен тілшілер қарсы алды. Ұлттық баспасөз клубының бұрынғы президентін мерзімінен бұрын босатуға оның денсаулығының нашарлауы мен түрмеде өзін тәртіпті ұстауы негіз болған. Сотталушының қорғаушылары сотқа дәрігерлердің медициналық қорытындыларын ұсынғанымен, прокурорлар Матаевты босатпауды сұраған еді. Алайда сот қазысы белгілі журналистің қан қысымының артуы мен зейнеткерлік жасқа жетуін ескеріп, жазасын жеңілдетуді ұйғарды.

Сейітқазы Матаев:

Өздеріңіз білесіздер, менің мұнда балам қалып отыр. Сондықтан өзімді іштей бостандыққа шықтым деп санамаймын. Екі-үш ай керек енді, негізінен өзім көп ауырам, мына медсанчасть дейді, сонда жаттым. Жоспарым - сол баламды бостандыққа шығару. Екі-үш ай өз қалпыма келу үшін емделем де, сосын жұмысқа кірісемін.

Айта кетейік, Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсет Матаев «салық төлеуден жалтарды және аса ірі көлемде қаржылық алаяқтық жасады» деп айыпталып, әрқайсысы 6 жылға бас бостандықтарынан айырылған еді.