Русский Сайттың толық нұсқасы

Білім және ғылым министрлігі нөлінші сыныптарға арнап Әліппе әзірлеп жатыр

  • AstanaTV
  • 07 желтоқсан 2017
  • 2431

Білім және ғылым министрлігі нөлінші сыныптарға арнап Әліппе әзірледі. Ведомствоның мәліметінше, 2019 жылы 380 бес жасар бүлдіршін мектепке дейінгі сыныпқа барады. Арнайы әдебиеттен басқа, мамандар тапшылығы мәселесі де бар. Түйткілді мәселе Парламент Мәжілісінің депутаттық партиялық Білім бағдарындағы комиссияның көшпелі мәжілісінде талқыланды.

Бибігүл Асылова, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

Қазіргі таңда Әліппенің жобасын әзірлеп, ол еліміздің 30 балабақшасы мен мектептерінде апробациядан өткізілуде. Ол тізімде Қызылорда облысындағы бір мектепте бар. Болған соң ол мәселе қоғамдық талқылауға салынады.

Наталья Жұмаділдаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Біріншіден, осы мектепге дейінгі мекемелер мен мектеп ортасындағы байланысты орнатуымыз қажет. Нақты бірізділік болуы тиіс. Бүгінгі таңда жоғары және орта білім беру ордалары осы мектепге дейінгі білім беру мамандарын оқытып, шығарып жатқандарымен, мамандар тапшы.