Русский Сайттың толық нұсқасы

Алаяқ студенттердің 14 млн теңгесін иемденді

  • AstanaTV
  • 06 желтоқсан 2017
  • 2517

Шымкентте тұрғындардың сеніміне кірген адам 14 млн теңгені иемденген. 21 жастағы күдікті  қараша айында оннан астам студентті шаһардағы жоғары оқу орындарының ақылы бөлімінен тегін оқуға ауыстырып беремін деп сендірген. Оған иланғандар алдын ала келісім бойынша бірі 300 мың, кейбірі 400 мың теңгесін санап берген. Студенттердің ақшасын жинап алған ол уәдесін орындамастан тайып тұрыпты. Алайда шағымданушылардың арызы негізінде ізге түскен полицейлер Мақтарал ауданының тұрғынын бірден ұстады.

Жарқынбек Қосалиев, Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ тергеушісі:

Ол өзінің кінәсін толығымен мойындап, осы уақытқа дейін қырық шақты азамат пен азаматшадан оның ақылы оқуын грантқа ауыстырып беремін деп ақшалай қаражаттар алып, өз уәдесін орындамастан қашып кеткендігі туралы айтып көрсеткен. Арыздардың негізінде Әл-Фараби полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 190 бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.