Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның бас мүфтиі ауысты

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2017
  • 6037

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына жаңа басшы сайланды. Елдің бас мүфтиі лауазымын дін саласында 20 жылдық тәжірибесі бар, осы күнге дейін наиб-мүфти қызметін атқарған Серікбай қажы Ораз атқаратын болды.

Бұл туралы Алматыда өткен Қазақстан мұсылмандарының кезекті құрылтайында белгілі болды. Оны бұл лауазымға бұрынғы бас мүфти ұсынды. Ал Ержан қажы Малғажыұлы Алматыдағы Нұр-Мүбәрак университетін басқармақ. Құрылтайға жиналған 300-ден астам делегат Серікбай қажы Оразды бірауыздан жақтап дауыс берді. Дінтанушы, экономика ғылымдарының магистрі Алматы, Астана қалаларының бас имамы, Хазірет Сұлтан мештінің бас имамы болған.

Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти

Біз жат ағымдарға жат пиғылдыларға жол бермейміз. Оған қарсы тұра алатын қазақ мұсылмандығының қалыптасқан исламтану діни мектебінің рөлі күшті. Оған біздің әлеуетіміз де, біліміміз де, күшіміз де жетерлік.