Русский Сайттың толық нұсқасы

Бишімбаевтың адвокаты прокурорларға қарсылық білдірді

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2017
  • 2635

Бишімбаевтың қорғаушылары мен прокурорлар бір-бірінің ісіне қарсылық білдіріп жатыр. Бұған дейін прокурор Сәуле Сыдықова айыпталушы Қошқаровқа: «Тергеуден алды адвокат Сәлімжан Мусин сізбен жеке сөйлесті ме?» - деп сұрақ қойған. Алайда Мусин "бұл адвокаттың ісіне нұқсан келтіру деді. Сондай-ақ мұның нағыз қылмыстық іс екенін айтып, "мен ондайға барған жоқпын" деді. Прокурорлар адвокатты қылмыстық іске тарту бойынша өтініш болған жоқ, ал, куәгерге сұрақ қою заңға қайшы келмейді деп отыр.

Сәлімжан Мусин, Қ.Бишімбаевтың адвокаты:

Прокурор Сыдыкованың мені "куәгермен алдын-ала сөйлесті" деген арызы шындыққа жанаспайды. Мұны айыпталушы Бишімбаевтың адвокаттарының заңды ісіне нұқсан келтіру мақсатында жасалған арандату деп есептеймін.

Сәуле Сыдықова, мемлекеттік айыптаушы:

Прокурорлардың бұл істен өзге деректерге еш қатысы жоқ. Сондықтан прокурорлар ісіне қарсылық білдіру негізсіз деп есептеймін. Мусиннің айтқандары ешбір дәйексіз. Оған ескерту жасауыңызды өтінемін. Адвокат процесстің барлық қатысушыларына дұрыс қарауы тиіс.

Өзге сотталушылардың адвокаттары да прокурорларды қолдайды. Олардың пікірінше,  Бишімбаевтың қорғаушылары іске қатысы жоқ детальдарды қозғап, процессті барынша созып жатыр. Басты фигуранттың сенімді өкілдері болса, соттың әділ әрі шынайы өткенін қалаймыз, ешбір фактнің назардан тыс қалмауына мүдделіміз дегенді айтады.

Еске салайық, мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталған ұлттық экономика экс-министрі мен оның сыбайластарына қатысты бүгін 23-ші сот отырысы өтті. Келесі процесс сәрсенбі күнге жоспарланған.