Русский Сайттың толық нұсқасы

Әнші Ибрагим Ескендір бокстағы қадамын сәтті бастады

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2017
  • 5494

Әнші әрі боксшы Ибрагим Ескендір Мәскеуден елге жеңіспен оралды. «Көк тудың желбірегені» деген әнімен қалың елге танымал болған әнші алғашқы жекпе-жегін MMA-ден әлем чемпионы қырғыз боксшысы Шерғазы Шақтановқа қарсы өткізген. Тыңғылықты дайындығы мен жеңіске деген құлшынысының арқасында қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді. «Boxing & Gym Academy» алаңында өткен бокс кешінде Ибрагим Ескендір орта салмақта бақ сынаған. Бүгін оны әуежайдан  туыстары мен достары және "Жас Отан" жастар қанатында өзімен бірге қызмет ететін әріптестері күтіп алды.

Өнерде туымды көтергеннен кейін осы біз қазақ жігіті майдаланбауымыз керек. Спортта да өзімді тексергім келді. Үлкен дайындықпен бірінші алла, бапкердің арқасында үлкен дайындықпен жақсы жеңіске жеттік.