Русский Сайттың толық нұсқасы

Дәрігер-шенеуніктер мемлекеттік қызметпен қатар медициналық практикамен айналысуды жөн санайды

  • AstanaTV
  • 12 желтоқсан 2017
  • 2315

Ауылды жерлердегі мемлекеттік қызметкерлердің ауыл шаруашылық бағытындағы кәсібі үшін несие алуына мүмкіндік бола ма? Осындай ұсыныс Қызылордада "Нұр Отан" партиясының хатшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен өткен жиында айтылды. Аймақтағы басқарма жетекшілерін мұқият тыңдаған партия хатшысы да пікірін айтты. Ауылдағы мемлекеттік қызметкерлердің күн көрісі ауыр және жалақысы аз болған жағдайда да, басқа кәсіппен айналысуға құқығы жоқ, дейді партия хатшысы.

Ғабидолла Әбдірахымов, "Нұр Отан" партиясының хатшысы:

Ауыл әкімі, бір жағынан, мемлекеттік қызметші, екінші жағынан - жер телімдерін босататын феодал болмасын. Бір қолымен құжаттарға қол қойып, екінші қолымен жер учаскелерін таратып дегендей. Бұл қауіп бар деген сөз. Менің ойымша, мемлекеттік қызметкерлердің жағдайын жақсарту керек. Мысалы, жалақысын көбейтіп, басқа да жағдайын жасап. 

Мұндай әлеуметтік пакетпен ауыл ғана емес, қаладағы жас мамандарды да қамтамасыз ету мәселесі сөз болды. Емдеу мекемелерінде 134 маман жетіспейді. Ғабидолла Әбдірахымов өңір жастары мен «Жас Отан» белсенділерімен кездесті. Онда партия хатшысы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруда жастарға қозғаушы болуы керектігін айтты.