Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл жұрты әлем чемпионы Зүлфия Габидуллинаны сән салтанатпен күтіп алды

  • AstanaTV
  • 13 желтоқсан 2017
  • 2820

Жамбыл жұрты әлем чемпионы Зүлфия Габидуллинаны сән салтанатпен күтіп алды. Мексиканың Мехико қаласында паралимпиадалық спортшылар арасында әлем чемпионаты  өткен еді. Жерлесіміз спорттың жүзу және пауэрлифтинг түрлерінен үздік шықты. Зүлфия Габидуллина жерлестерінің қошметіне дән риза болды. Спортшының көңіл-күйі өте жақсы. Бұл жарысқа әлемнің 126 елінен 900 спортшы қатысты. Жүзуден 300-ден аса "мықты" бақ сынасса, ел намысын ұлттық құрама сапындағы 8 спортшы қорғады. Жамбыл облысының атынан қатысқан Зүлфия Габидуллина 50 метрге еркін жүзуден жеке-дара келіп, алтыннан алқа тағынды. Сондай-ақ, 100 метрге жүзуден екінші орын еншіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Зульфия Габидуллина 15-ші жазғы Паралимпиада ойындарында еркін жүзуден әлем рекордын жаңартып, чемпион атанған еді. Ал, биыл жазда Германияда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен Әлем чемпионатында 3 алтын, 1 күміс медаль алған. Мексикадағы жарыста Қазақстан құрамасы 2 алтын, 3 күміс, 1 қолаға қол жеткізді. Жалпы командалық есепте еліміздің паралимпиадалық құрамасы 15-ші орынға тұрақтады.

Зүлфия Габидуллина, ХV жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионы:

Намыс пен еңбектің арқасында жеңіске жеттім. Көңіл-күйім көтеріңкі. Қарсыластарымның қатарында бұрынғы бәсекелестерімді байқамадым. Барлығы жаңа есімдер мен кіл мықтылар. Жоғары деңгейде дайындалғаны көрініп тұр.