Русский Сайттың толық нұсқасы

СІМ Сирияда қалған қазақстандықтардың балаларын елге қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр

  • AstanaTV
  • 14 желтоқсан 2017
  • 2776

Сыртқы істер министрлігі Сирияда қалған қазақстандықтардың балаларын елге қайтару  жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев мәлімдеді. Қазір олардың аты-жөнін анықтау шаралары қолға алынған. Өйткені атыс аймағында қалған балалардың арасында 3-4 жастағы бүлдіршіндер де бар. Олар қай жақтан келгенін айта алмайды, деді министрлік өкілі. Еске сала кетсек, бұған дейін Сириядан Қазақстанға 11 азамат қайтарылған. Оның 9-ы бала.

Ардақ Мәдиев, ҚР СІМ консулдық қызмет департаментінің директоры:

Олардың тұрғылықты жерін анықтау үшін, тиісті жұмыстар жалғасуда. Сирияға өз еркімен барып, террористік топтардың құрамында атыстарға қатысқан Қазақстан азаматтары баршылық. Көбі қаза тауып, соңында балалары қалды. Олар қазір босқындарға арналған лагерлерде орналастырылған. Кейбірі сол жақта дүниеге келген болуы мүмкін.

Сыртқы істер министрлігі шетелге шыққан Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі үшін «SmarttravelKZ» мобилді қосымшасын жасап шығарды. Қосымшаны кез келген ұялы телефонға тегін жүктеп алуға болады. Ол арқылы Сыртқы істер министрлігі шетте жүріп қандай да бір қауіпті жағдайға тап болған азаматтарға дер кезінде көмек бере алады.