Русский Сайттың толық нұсқасы

«Астана процесіне» қатысушы тараптар Сирия келіссөздерінің сегізінші кезеңіне келетінін растады - СІМ

  • AstanaTV
  • 20 желтоқсан 2017
  • 2260

«Астана процесіне» қатысушы тараптар Сирия келіссөздерінің сегізінші кезеңіне келетінін растады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады. Олардың дерегінше, Түркия, Иран және Сирия оппозициясының өкілдері Астанаға келіп үлгерген.

Ал ертең Ресей мен БҰҰ өкілдері келеді деп жоспарланған. Сонымен қатар АҚШ пен Иордания сынды бақылаушы елдер де қатыспақ. Келіссөздер барысында тараптар Сирия аумағында ұрланған және іс-түзсіз жоғалған адамдардың мәселесі сөз болмақ. Сирия бойынша БҰҰ-ның арнайы өкілі Стаффан де Мистура Нью-Йоркте өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында тап осы мәселені көтеруді сұраған. Ал, «Интерфакстің» хабарлауынша, Иран, Түркия және Ресей өкілдері Сирия ұлттық диалогының конгресін өткізу мәселесін көтереді.

Айта кетейік, конгрес туралы бастаманы алғашқы болып Ресей басшысы Владимир Путин көтерген болатын. Және ол қараша айында өту керек еді. Алайда оның қай кезде өтетіні және қанша қатысушысы болатыны нақты  белгісіз.