Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте газ ауа қосындысынан жарылыс болды

  • AstanaTV
  • 20 желтоқсан 2017
  • 4183

Шымкенттің іргесіндегі Тассай елді мекенінде жеке тұрғын үйлердің бірінде газ құбырында жарылыс болды. Салдарынан  35 жастағы әйел мен оның 6 жасар қызы күйіп қалды.

Мұхит Досыбаев, облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығы күйік бөлімінің меңгерушісі:

Түскен кездегі  жағдайы  өте ауыр. Күйік  шогына байланысты алдын ала қойылған диагноз  бойынша, термиялық күйік от жалынымен.  2-3 дәрежелі. Денесінің 53 пайызы күйік шалған.  Жағдайының ауырлығына байланысты  науқас қазіргі таңда жансақтау  бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Туыстарының сөзінше, шашы отқа оранған күшкентай қыздың көзі мен басына да зақым келген. Апат орын алған уақытта сыртта болған отағасының да қолы аздап күйген.  «ҚазТрансГазАймақ» АҚ жергілікті филиалы таратқан ақпаратқа сүйенсек, жарылыс көрші үйде тұратын отбасының газ құбырын рұқсатсыз жүргізуінен болған көрінеді. Апат орнын тексерген газ шаруашылығы мамандары оның өз бетінше жер астымен тартылған  газдың полиэтилен құбырын ойып, үйіне қарай көгілдір отын тартқанын анықтады. Алдын ала болжамға сай, жарылыс жер астында газ жинақталып қалу салдарынан  болған. Құбырларды тесу кезінде ешқандай сақтық шаралары сақталмаған. Қазір осы жәйтке байланысты тексеру шаралары жүріп жатыр.