Русский Сайттың толық нұсқасы

Жақып Асанов сот өндірісіндегі мәселелерге назар аударуды сұрады

  • AstanaTV
  • 25 желтоқсан 2017
  • 3276

Жоғарғы сот төрағасы өз әріптестеріне жаңа міндеттер жүктеді. Жақып Асанов судьяларды сот саласында қалыптасқан проблемалар туралы ашық айтуға және оның шешу жолдарын ұсынуға шақырды. Бұл ақпаратты бұрынғы Бас прокурордың аға көмекшісі Думан Қожахметов растады.

Асанов өз үндеуінде, сот қызметкерлерінің басты міндеті - сот саласына деген қарапайым азаматтардың, бизнес өкілдері мен инвесторлардың сенімін арттыру, деді. Төрағаның бұл бастамасы сот саласының мамандарына бағытталған болатын. Бірақ мәлімдеме әлеуметтік желілерді лезде шарлап кетті. Қожахметов "Фейсбук" желісіндегі өз парақшасында "ең бастысы - ұтымды  ұсыныстар күтеміз" деп жазады.

Жақып Асанов, ҚР Жоғарғы сот төрағасы:

Мынадай байланыс тәсілін ұсынамын: Кез-келген сот қызметкері маған жеке хабарласа алады. Ол үшін әркім саладағы мәселені шешетін нақты ұсыныстар білдіруі керек. Мен сіздердің белсенділіктеріңізге сенемін. Ресми хатты "assanov@mail.kz" электронды мекенжайына жолдауға болады. Егер мұндай ұсыныстарды 5 қаңтарға дейін алсам, жақсы болар еді. Себебі қаңтарда 2017 жылды қорытындылайтын жиын өтіп, сот жүйесін жаңғыртудың тың мәселелері талқыланады.