2018
жылғы сенбіге сәйкес келетін демалыс күндері ауыстырылды. Бұл туралы Үкіметтің
тиісті қаулысы шықты.
"Рrimeminister.kz." сайтының хабарлауынша, бұл өзгеріс қолданыстағы
Еңбек кодексіне сәйкес енгізілді. Сондай-ақ жұмыс уақытын ұтымды пайдалану
мақсатында ауыстырылып отыр.
Сонымен, 2018 жылғы демалыс күндері 3 наурыздан 9
наурыз жұмаға, 28 сәуірден 30 сәуір дүйсенбіге, 5 мамырдан 8 мамыр сейсенбіге, 25 тамыздан 31 тамыз жұмаға, 29 желтоқсаннан 31 желтоқсан дүйсенбіге көшірілді.
Қолданыстағы Еңбек кодексінің 85 бабы 3 тармағына сәйкес, мереке күндері
кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа
жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.