Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауғанстанды өмір бақи қауіп-қатер ретінде қарастыру қателік болар еді - СІМ

  • AstanaTV
  • 04 қаңтар 2018
  • 3889

«Ауғанстанды өмір бақи тек қауіп-қатер ретінде қарастыру қателік болар». Сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев осылай деді. Бұл туралы ведомство өкілі Қазақстанның БҰҰ-ы Қаіупсіздік кеңесіне төрағалығына орай өткен брифингте айтты. Оның сөзінше, Ауғанстанда жағдай тұрақталса, Қазақстан мен Орталық Азия елдері үшін жаңа сауда мүмкіндіктері ашылады. Сондықтан бұл мемлекет үнемі дағдарыста бола алмайды. Халықаралық қауымдастықтың жасап жатқан еңбегі нәтижесін береді деген сенімдеміз,- деді сыртқы істер вице-министрі.

Ержан Ашықбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

Халықаралық қауымдастық тарпынан Ауғанстанды болшақта біздің аймақтық экономикалық үрдістердің маңызды ойыншысы ретінде қарастыруға дайындығымызды білдірдік.

Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық барысында Ауғанстан мен Орталық Азия мемлекеттері жөнінде арнайы министрлер деңгейінде пікірталастар ұйымдастырмақ. Еліміз тек ұлттық мүддемен шектелмейді, ортақ мүддені ортаға шығарады, - деп атап өтті Ержан Ашықбаев. Еске салайық, Қазақстанның БҰҰ-ы Қауіпсіздік кеңесіне төрағалығы 1-ші қаңтардан 31-ші қаңтарға дейін жалғасады.