Русский Сайттың толық нұсқасы

Пиротехникалық өнімдерден жарақат алу көрсеткіші азаймай тұр

  • AstanaTV
  • 26 желтоқсан 2017
  • 2997

Жеткіншектер арасында пиротехникалық өнімдерден жарақат алу көрсеткіші азаймай тұр. Ал ересектерге қатысты қауіп деңгейі 40 пайызға төмендеген. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті ресми өкілінің мәліметінше, жыл сайын «Жаңа жыл» қарсаңында контрафактілі отшашулар тәркіленеді. Тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Тәртіп сақшылары мен төтеншеліктер бірлесе заңсыз өнімдердің сатылымына тоқтау салуды биыл да жалғастырды. Қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, соңғы бір апта ішінде 2500 тоннадан аса пиротехникалық заттар тәркіленген. Заң бұзушыларға 55734 теңге айыппұл салынды. 

Сандуғаш Баймұхамбетова, Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі:

2016-2015 жылдардағы тәркіленген контрафактілі өнімдердің санын қосатын болсақ, ол 5500 тоннадан астам болып тұр. Сертификацияланбаған бұйымдар біздің қаланың тұрғындары және оның қонақтарының қолдарына тимеді. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Жаңа жылда» жақсы әсер қалдыру үшін айтылған өрт қауіпсіздігінің бәрін дұрыстап сақтауды сұрайды.

Олжас НҰРЖАҚЫП