Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ-Иран тауар айналымы

  • AstanaTV
  • 03 қаңтар 2018
  • 5085

Ал Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы төмендеп кеткен. Былтырғы 11 ай ішінде оның мөлшері 482,6 млн долларды құрады. Оның ішінде шикізат экспорты 423,4 млн долларды құрайды. Импорт 59,2 млн доллар. Ал 2016 жылы екі ел арасындағы сауда-саттық көлемі бас-аяғы 596 миллион долларды құраған.

Өткен жылы тауар айналымының кемуіне Ирандағы экономикалық ахуал әсер еткен сыңайлы. Иран Қазақстаннан метал өнімдерін, тыңайтқыштар мен астық сатып алады. Ал біздің ел Ираннан цемент, жаңғақ, құрма мен жүзім импорттайды.