Русский Сайттың толық нұсқасы

Теңге бағамы нығая түсті

  • AstanaTV
  • 05 қаңтар 2018
  • 2752

Төл валютамыздың бағамы біршама нығайды. KASE-дегі сауда-саттықтың күндізгі сессиясында бір доллар 329,74 теңгеден саудаланды. Айта кетейік, теңгенің осынша мөлшерде нығаюы осыдан 5 ай бұрын, яғни тамыз айында тіркелген екен. Бұған дейін айырбас пункттерінде ол 332-333 теңгеге бағаланып келген. Ұлттық валютаның беки түсуіне мұнай бағасының өсуі де ықпал етуі мүмкін. Әлемдік биржаларда Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,23 долларға дейін қымбаттады. Яғни қара алтынның бір баррелі 68,07 долларға жетті. Өткен аптада ол 65 доллар төңірегінде саудаланған.