Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада 200-ге жуық кондукторға 2 миллион теңгеден аса айыппұл салынды

  • AstanaTV
  • 04 қаңтар 2018
  • 2760

Астанада 200-ге жуық кондуктор әкімшілік жазаға тартылып, оларға 2 миллион теңгеден аса айыппұл салынды. Бұл туралы "Астана ЛРТ" компаниясының көліктерді бақылау департаментінің директоры мәлімдеді. Самат Шаймерденовтің мәліметінше, мұндай олқылықтар жолаушылар билетін тексеру барысында анықталған. Кондукторлардан өндіріліп алған қаржы мемлекет қазынасына түседі. "Астана ЛРТ" бақылаушылары жол билеттеріне тексеру шарасын қарқынды жүргізуге кірісті. Соңғы екі күн ішінде 5-тен аса заң бұзушылық анықталған.

Самат Шаймерденов, «Астана ЛРТ» ЖШС департамент директоры:

Қоғамдық көлікте жолаушыны билетпен қамтамасыз етпеген кондукторларға тиісті шаралар қабылданды. 200-ге жуық кондуктор әкімшілік жазаға тартылды. 2 млн теңгеден аса әкімшілік айыппұл салынды. Оның барлығы мемлекет бюджетіне тапсырылады. Тексерістер алдағы уақытта да жалғасады.

Жолаушы қоғамдық көлікте жол ақысын төлемеген жағдайда оған 2 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал жолаушылар билетсіз тасымалданса, айыппұл мөлшері 5 АЕК болады. Сонымен қатар, компания өкілдері хабарлағандай, биыл қоғамдық көліктер толықтай электронды төлем жүйесіне көшіп жатыр.