Теміртауда
қара қар жатыр. Алаңдаған тұрғындар оның суретін әлеуметтік желілерде жарыса
жариялауға көшкен. Шаһардың экологиясы
нашарлағанын айтып, дабыл қаққан жұрт билік өкілдеріне сауал жолдады. Әкімдік
барлық деректерді жинап, экология басқармасына жіберген. Шенеуніктердің сөзінше, қардың қараюы шаһарда соңғы 2-3 жылда тіркелген.
2016 жылы сәуірде осындай
құбылыстан кейін экология басқармасы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясын тексереді.
Нәтижесінде қоршаған ортаға зиянды қалдықтардың мөлшерден көп тасталатыны
анықталған. Ол үшін компания мемлекетке 700 мың теңгедей айыппұл төлепті.
Алайда, жағдай түзелмеген. Қала басшылығы жылда желдің бағытына қарай, қаланың
әртүрлі бөліктері қара түсті қар жамылатынын айтады.
Владислав Цай, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары:
Әсіресе,
қаланың батысындағы ықшам аудандар зардап шекті. Осы шаһарда тұрып, осы ауамен
демалатындықтан, біз де қарап жүрген жоқпыз, мәселені жылда көтереміз.