Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Қазақстанда мал ұрлаумен айналысқан қамалды

  • AstanaTV
  • 09 қаңтар 2018
  • 3510

Оңтүстікте кезекті мал ұрлығының ізі суымай ашылды. Төрт түлікке жаудай тиген күдікті Ордабасы ауданындағы полицейлердің құрығына түскен. Баукеспе бірнеше рет барымташылық жасап, осы өңірдің тұрғындарына жалпы сомасы 7 млн теңге шамасында шығын келтірген.

Ерсұлтан Ахметов, Ордабасы ауданы ІІБ тергеушісі:

Қараспан ауылының тұрғыны, яғни 1985 жылы туылған К. есімді азамат құрықталды. Одан тергеп - тексеру барысында оның бұдан да басқа алты жәйт мал ұрлығына қатыстылығы анықталып, қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.  

Бірінші қылмысым 2017 жылы 27-қараша күні Аманқұл дегеннің үш бас жылқысын ұрладым.

Оңай олжаға құныққан жігіт бір отбасының жалпы құны 1,5 млн теңгеден асатын 8 бас сиырын бір-ақ күнде айдап әкеткен. Тәртіп сақшылары анықтағандай, күдікті жайылымда жүрген малды ұрлаумен шектелмепті. Жұрттың қорада тұрған түліктеріне де көз салған. Үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, қылмысын жүзеге асырған. Кейіннен ұрланған малды сатып, ақшаны  қажетіне жұмсап отырған. Бұл жәйтке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер айғақты заттарды тәркілеп, қолды болған түліктерді заңды иелеріне қайтарды.