Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарға Белоруссиядан жеткізілген 3 трамвайдың екеуі бағытқа шықты

  • AstanaTV
  • 09 қаңтар 2018
  • 2135

Павлодарға Белоруссиядан жеткізілген 3 трамвайдың екеуі бағытқа шықты. Енді бірер күнде үшіншісі де жолаушыларға қызмет көрсетуге кіріспек. Трамвай басқармасының өкілдері хабарлағандай, Минскдегі кәсіпорын тағы үш вагонды құрастырып жатыр. Желідегі жаңа вагондар халықтың көңілінен шыққан сыңайлы. Әсіресе, жүргізушілер оның сапасына риза. 20 жылдық тәжірибесі бар Жанат Айтқазин жаңа транспорттың келетінін естігенде қайта оқыту курсына жазылған. Сөйтіп, заманауи трамвайдың қыр-сырын меңгеріп, тізгінге отырады.

Жанат Айтқазин, трамвай жүргізушісі:

Трамвай өте ыңғайлы, жылы әрі жүрісі де жұмсақ. Басқару ісі жеңіл. Ешқандай күш салудың қажеті жоқ. Сондықтан бізге жаңа вагондар өте ұнайды.

Биыл Павлодар трамвай басқармасы Еуропа қайта құру және даму банкінен 1 млрд 987 млн теңге несие алды. Сондай-ақ, Үкімет банкпен өзара серіктестікті нығайту келісімі аясында 742 млн теңге грант бөлді. Бұл сома әбден ескірген трамвай паркін жаңартуға жұмсалмақ. Трамвай басқармасы «Белкоммунмаш» кәсіпорнымен 25 вагон сатып алу туралы келісім жасасты.  Тапсырыс наурыздың соңына дейін орындалады.