Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысына жаңа әкім келді

  • AstanaTV
  • 10 қаңтар 2018
  • 2636

Жамбыл облысында жаңа басшы. Президент жарлығымен Асқар Мырзахметов аймаққа әкім болып тағайындалды.

Ол 2009-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысын басқарған. 2015 жылдың тамызынан 2016 жылдың мамырына дейін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Мұнан соң Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. 2017 жылы желтоқсанда Асқар Мырзахметов премьер-министрдің орынбасары және Ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылған. Аз ғана үзілістен кейін аймақ басқаруға кірісіп, Жамбыл облысын 2013 жылдан бері басқарған Кәрім Көкірекбаев қызметінен босатылды.