Русский Сайттың толық нұсқасы

Әділет министрлігі Ұлттық қордың бұғатталған миллиардтары жайлы ақпар беруге асықпайды

  • AstanaTV
  • 10 қаңтар 2018
  • 2553

Әділет министрлігі Ұлттық қордың "шетелде бұғатталған миллиардтары" жайлы қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Себебі айтылған сөздің қомақты қаржыны қайтаруға кері әсері тие ме деп қауіптенеді.

Еске салайық, өткен айда Нью-Йорк банкі Қазақстанның Ұлттық қорына тиесілі 22 миллиард доллар қаражатқа бұғат салған еді. Оған молдавиялық бизнесмен Анатолий Статидің шағымы негіз болған. Ведомство таратқан ақпаратта "БАҚ өкілдері білуі тиіс барлық мәлімет берілді, ендігі сөз біздің мүддемізге қайшы келуі мүмкін" делінген. Сонымен қатар, әділет министрлігі сотқа ең мықты заңгерлерді тартқан көрінеді. "Егер арбитражды сот бекіткен 500 миллион доллар молдавиялық бизнесмен Анатолий Статиге төленбесе, ол сот приставынан Қазақстанға тиесілі Қашаған кен орнының құны 5,2 миллиард доллар болатын бөлігін сатуды сұрамақ".  Жуырда Рейтерс осындай мазмұндағы ақпарат таратқан болатын.