Русский Сайттың толық нұсқасы

Құрық портындағы жүк тасымалы екі миллион тоннаға дейін артады

  • AstanaTV
  • 11 қаңтар 2018
  • 3508

Маңғыстау облысындағы Құрық портында жүк ағынын екі миллион тоннаға дейін арттыру жоспарда бар. Аймаққа жұмыс сапарымен барған мәжіліс депутаттары транспорттық-логистикалық инфрақұрылымның ахуалымен танысты. Айлақтағы құрылыстың екінші кезеңі наурызда аяқталады деп жоспарланған. Қос бірдей темір жол желісі іске қосылып, тәулігіне 5 паромды қабылдауға қауқарлы болады. Бұл транзит қарқынын арттырып, теңіз арқылы батыс жаққа бағытталатын экспорттық потенциалды еселемек. Жұмыс сапарында депутаттар көліктік-логистикалық инфрақұрылымның дамуы Елбасы жолдауында айтылған  негізгі басымдықтардың бірі екенін ерекше атап өтті.

Тарас Хитуов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың берген жолдауында он бағыттың бірі - транспортты-логистиканы дамыту мәселесі. Осы құрықтың басында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жасалған кешен сол жұмысқа тікелей қатынасы бар.

Талғат Оспанов, «Құрық порты» ЖШС бас директорының орынбасары:

Темір жол салынуда 2017-ші жылы  құрық порты үшін айтулы жыл болды. 1,5 млн тонна жүк жөнелтілді. Экспортқа астық өнімдері, мұнай өнімдері және Қытай, Өзбекстан, Қырғызстаннан транзиттік жүктер біздің порт арқылы кетеді.

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы - ауыл адамдарының қосымша білім алып, өндірістің дамуына мүмкіндік береді. Бұл туралы мәжіліс депутаттарының Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары аясында айтылды. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін заманауи технологияны меңгеру керектігі Жолдауда айтылған. Мамандар ауыл шаруашылық тауарын еселеп  экспорттау мақсатында ауылдарда копперативтер құруды ұсынып отыр. Қосымша білім беру бойынша жоғары оқу орындары қабырғасында тәжірибе алаңдары құрылмақ.